Freedom Finance Life
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Директорлар кеңесі
Турлов Тимур Русланович
Директорлар кеңесінің Төрағасы
19.03.2018 жылы тағайындылған
Ердесов Азамат Джансултанович
Директорлар кеңесінің мүшесі
09.11.2018 жылы тағайындылған
Михайлов Иван Валентинович
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
27.11.2014 жылы тағайындылған
Басқарма
Ердесов Азамат Джансултанович
Басқарма Төрағасы
01.08.2018 жылы тағайындылған.

Активтерді басқару саласында көп жылдық тәжірибесі бар:
«BCC Invest» АҚ сауда операциялары бөлімін басқарған. «Griffon Finance» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымын атқарған. «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ Басқарма мүшесі және басқарушы директоры болған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдап, экономист біліктілігін алған.
Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясының (Мәскеу қаласы) «Қаржы» мамандығы бойынша «Магистр» дәрежесіндегі түлегі. Сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясының (Алматы қаласы) «Қаржы» мамандығы бойынша «Магистр» дәрежесі бар.
Мухтыбаева Айман Абдикаппаровна
Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары
13.11.2018 тағайындылған.

Сақтандыру саласында көп жылдық тәжірибесі бар:

Мансап жолын терапевтік бөлімше дәрігері болып бастаған. «Династия» ӨСК» АҚ-да Андеррайтинг және талаптарды реттеу басқармасының басшысы және жетекші андеррайтер лауазымдарын атқарған. 10 жылдан астам уақыт «БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі «БТА Өмір» еншілес компаниясы» АҚ Басқармасының Төрағасы болған. 2015 жылғы сәуір айынан бастап 2016 жылғы желтоқсан айына дейін қоса алғандағы кезеңде «Азия Life» ӨСК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істеді. 2016 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары болып табылады.

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік медициналық институтын, сондай-ақ «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша Еуразиялық Нарық институтын тәмамдаған.
Жайсанбаева Жанар Ниязгаликызы
Басқарушы Директор
13.11.2018 тағайындылған.

04.05.2019 ж. № 77-1-ж/қ «Ауыстыру туралы» Бұйрығына сәйкес тағайындалған.

МСБ кредиттеу саласында жұмыс істеген, аудит саласында жұмыс істеу тәжірибесі мол.

О.А. Байқоңыров атындағы Университетін және Еуразиялық нарық институтын бітірген
Басқарушы Қызметкерлер
Попов Роман Леонидович
Басқарушы Директор
14.09.2020 ж. № 293 ж/қ «Жұмысқа қабылдау туралы» Бұйрығына сәйкес тағайындалған

«Freedom Finance»АҚ Қазыналық Департаментінде компанияның ақша ағымдарын басқару саласында жұмыс істеген. BCC Invest АҚ делдалдық қызмет көрсету бөлімінде бизнес-процесстерді оңтайландыру және клиенттермен жұмыс істеу бойынша жетекшілік атқарған.

Еңбек және әлеуметтік қарымқатынастар Академиясының экономикалық факультетін «Магистр» дәрежесінде бітірген.
Борангалиева Шынар Турсунбековна
Бас бухгалтер – Бухгалтерлік есеп, қаржы және есептілік басқармасының басшысы
Бухгалтерлік істе көп жылдық тәжірибесі бар:

Өзінің мансап жолын 2001 жылғы қазан айында «Династия» ӨСК» АҚ-да экономист болып бастады. 2002 жылғы ақпан айынан бастап бухгалтер лауазымына тағайындалды, ал сол жылдың қараша айында бухгалтер-экономист лауазымына ауыстырылды. Бухгалтер-экономист болып үш ай жұмыс істегеннен кейін «Династия» ӨСК» АҚ-да аға бухгалтер болды. 2005 жылдан бастап 2015 жылға дейін қоса алғандағы кезеңде, 10 жылдан астам уақыт «БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі «БТА Өмір» еншілес компаниясы» АҚ-да Бас бухгалтер лауазымын атқарды.
2015 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ-да Бас бухгалтер – Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік басқармасының басшысы болып табылады.

«Тауартану» мамандығы бойынша Өскемен кооперативтік техникумын, сондай-ақ «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша М.Тынышпаев атындағы Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын тәмамдаған.
Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді